Навальныйды қолдау шаралары: наразылық білдірушілер ФҚҚ бас ғимаратына дейін барды

Навальныйды қолдау акциясы, 21 Сәуір. Twitter/@k_sonin

Оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды қолдау наразылық акциясында Ресейдің 82 қаласынан 1 226 адам ұсталды, - деп хабарлайды "ОВД-Инфо".

Оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды қолдау наразылық акциясында Ресейдің 82 қаласынан 1 226 адам ұсталды, - деп хабарлайды "ОВД-Инфо".

31 наурызда Владимир облысындағы колонияда жатқан Навальный азаматтық дәрігерді кіргізу туралы талап орындалғанға дейін аштық жариялайтынын айтқан еді. Осыған байланысты Навальный жақтастары саясаткердің денсаулығы мен өміріне алаңдап наразылыққа шыққан.

Акцияға қатысушылар: "Ресей бақытты болады", "Навальныйға дәрігер кіргізсін", "Босат", "Навальныйға еркіндік" деп ұрандады.

Реклама
Реклама

Ресейлік БАҚ мәліметі бойынша, қауіпсіздік күштері Санкт-Петербургтегі акцияларда барынша қатаң әрекет еткен. Ол жерде 500-ге жуық адам тұтқындалған.

Мәскеуде құқық қорғау органдарының өкілдері наразылық қатысушыларына қатысты ұстамды әрекет еткен. Мұнда бүкіл акция кезінде шамамен 25 адам ұсталды. Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, кем дегенде 60 мың адам көшеге шыққан. Ішкі істер министрлігі мәліметі бойынша, ауқымы әлдеқайда аз - 6,5 мыңнан аспайтын адам наразылық акциясына қатысқан.

Мәскеудегі акцияның соңында наразы топ Федерал қауіпсіздік қызметінің негізгі ғимараты орналасқан Лубянкаға дейін барған.

Мәскеудегі акцияға саясаткердің анасы Людмила Навальная және оның әйелі Юлия Навальная қатысқаны көрінеді.

Сондай-ақ, жақтастардың арасында рэп-орындаушылар NoizeMC, Влади, Oxxxymiron және Face, жазушы Дмитрий Быков бар.

Ресейдің басқа қалаларының ішінде Уфа (кем дегенде 87 адам), Сочи (кем дегенде 50 адам) және Қазан (кем дегенде 40 адам) шарада ұсталғандар саны бойынша көш бастап тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама