Навальныйды "улағандар" туралы видео бір тәулікте 10 миллионға жуық қаралым жинады

© YouTube/Алексей Навальный

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды "улағандар" туралы видео бір тәулікте 9 миллионнан аса қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды "улағандар" туралы видео бір тәулікте 9 миллионнан аса қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Bellingcat және The Insider басылымдары жүргізген зерттеуде Навальныйды уламақ болған ФҚҚ (ФСБ) қызметкерлері туралы баяндалады.

"Дело раскрыто. Я знаю всех, кто пытался меня убить" атты ролик ресейлік YouTube-те трендте болған.

Реклама
Реклама

Bellingcat және The Insider жүргізген зерттеуде бірнеше жыл бойы Навальныйды бақылап, оны "Новичок" уымен уламақ болған деген ФСБ арнайы тобының 8 қызметкерінің есімі аталады.

Ұялы телефон биллингінің деректерін офлайн деректер базасымен салыстыру арқылы бұл іске қатысы бар қызметкерлердің кім екені анықталған.

Навальный бұл жағдайды "мемлекет тарапынан жасалған терроризм" деп атады.

"Жоғарыдағы басшылардың басқаруымен ФҚҚ бөлімі 2 жыл бойы операция жүргізді. Оның барысында қызметкерлер мемлекеттік құпия зертханадан химиялық қару алып, мені және отбасымды бірнеше рет өлтіруге тырысты. Әрине, мұндай ауқымды және ұзақ мерзімді операцияны ФҚҚ басшысы Бортниковтан басқа ешкім ұйымдастыра алмайды. Ол Путиннің бұйрығынсыз ешқашан мұны істеуге батылы бармас еді", - дейді оппозиционер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама