25 наурыз 2021 | 14:55

Навальныйдың денсаулық жағдайы белгілі болды

Фото: ©REUTERS

Владимир облысы бойынша РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы ИК-2-де қамауда отырған ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп хабарлады. Оған тексеру нәтижелері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Владимир облысы бойынша РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы ИК-2-де қамауда отырған ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп хабарлады. Оған тексеру нәтижелері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

24 наурызда Владимир облысындағы түзеу мекемесіндегі сотталғандар өтініші бойынша медициналық тексеріс жүргізілген.

"24 наурызда түзету мекемесінде медициналық тексеріс жүргізілді. Оның ішінде сотталушы Алексей Навальный да тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша оның денсаулық жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық деп бағаланды", - делінген РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Владимир облысының омбудсмені де Навальныйдан ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Навальныйдың адвокаты Ольга Михайлова "Эхо Москвы" мен "Медуза" басылымдарына колонияда жатқан саясаткердің денсаулығы күрт нашарлағанын айтқан болатын.

Наурыздың ортасынан бастап Навальный Владимир облысының Покров қаласындағы № 2 түзеу колониясына ауыстырылған. Оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная