Навальныйдың сотынан кейін Мәскеу мен Санкт-Петербургте наразылық акциясы өтті

Фото: dw.com

Алексей Навальныйға үкім шыққаннан кейін Мәскеу мен Санкт-Петербургте халық наразылыққа шықты. Сот "Ив Роше" ісіндегі шартты мерзімді нақты мерзімге өзгертті. Навальный колонияда 2 жыл 8 ай отыратын болды. Манежная алаңындағы наразылықтардан кейін бірден орталық үш метро станциясы жабылды. Наразылық білдірушілерді дубинкамен ұрды, көбін ұстап алып кетті. Күні бойы Мәскеуде 1100-ден аса адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Навальный жақтастары үкімнен кейін наразылыққа шығатынын жариялады. Мәскеуде төрт орталық метро станциясы жабылды: "Охотный ряд", "Площадь революции", "Александровский сад", "Театральная". Наразылық білдірушілерді арнайы мақсаттағы жауынгерлер жасағы ұстады, адамдарды таяқпен ұрды, Санкт-Петербургте электр шокерлерін қолданылды. Бұл туралы DW.com жазды.

Реклама
Реклама

Наразылық білдірушілердің "Манежная" алаңында жиналғаны туралы ақпарат "Штаб Навального в Москве" Telegram-арнасында жарияланды. Қауіпсіздік күштері бірден алаңды қоршауға алды. Оған арнайы мақсаттағы жауынгер жасағы, полиция мен Ресей гвардиясының жүздеген сарбазы шығарылды.

Желіде арнайы жасақ сарбазының Real View Telegram-арнасының журналисі Федор Худокормовты ұстап, дубинкамен ұрғаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Twitter-парақшасында "ОВД-Инфо" хабарлады.

Айта кетейік, 2 ақпанда Симоновский аудандық соты Алексей Навальныйды "Ив Роше" ісі бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім әлі күшіне енген жоқ. Тараптардың шағымдануына он күн уақыты бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная