Назарбаев АҚШ Конгресі мүшелерімен кездесті

Назарбаев АҚШ Конгресі мүшелерімен кездесті ©Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Бурабай поселкесінде АҚШ Конгресінің мүшелері Дэйн Рорабакермен және Грегори Микспен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында қазақстан-америкалық қатынастардың стратегиялық сипаты мен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы аталып өтті. Бұған қоса, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

АҚШ конгрессмендері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне ерекше тоқталып, екі ел арасындағы өзара әріптестіктің одан әрі нығая түсуіне үміт білдірді.

Жарнама
Жарнама

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама