11 наурыз 2019 13:01

Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты

© Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының президенті Сахле-Ворк Зеудеге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады.

Реклама
Реклама

"Осы қаралы сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, барша Эфиопия халқына көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, 10 наурызда таңертең Ethiopian Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 ұшағы эфиопиялық Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта экипаждың сегіз мүшесін қоса алғанда 157 адам болған. Қаза тапқандардың арасында 35 елдің өкілі бар. СІМ мәлімтеінше, бортта қазақстандықтар болмаған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram