Назарбаев Мысырдағы пойыз апатына байланысты көңіл айтты

Назарбаев Мысырдағы пойыз апатына байланысты көңіл айтты

?аза?стан Президенті Мысыр Араб Республикасыны? Президенті ?бдел Фаттах Ас-Сисиге к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Александрия қаласының маңындағы пойыз апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, кеше Каирден Александрияға бара жатқан пойыз осы бағыттағы тоқтап тұрған составқа соғысқан еді. Апат кезінде бірнеше вагон рельсінен тайып кетіп, аударылған. Зардап шеккендер жергілікті емханаларға жеткізілді. Екі пойыздың соқтығысуынан 36 адам қаза тапты, 120-дан астамы жарақат алған.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама