28 қыркүйек 2018 | 14:14

Назарбаев ТМД-да сауда кедергілерін жоюға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Отырыста Мемлекет басшысы ТМД аясындағы қарым-қатынастарды нығайту мен дамыту үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев ұйымды реформалау және Достастықтың тұжырымдамалық құжаттарын жаңарту жолында қолға алынып жатқан шаралардың тиімділігін атап өтті.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті мемлекетаралық қатынастарды одан әрі тереңдетуге септігін тигізетін бірқатар перспективті бағыттарға назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ТМД-ның экономикалық негізін нығайту және елдер арасындағы сауда кедергілерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту және ТМД-ға мүше барлық елдердің көлік-транзит әлеуетін пайдалану жөніндегі мәселелерге тоқталды. Қазақстан Президенті ғылыми-ғарыш, цифрландыру және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда құрылған "Астана" халықаралық қаржы орталығының ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп, ТМД-ға мүше елдердің бәрін Қаржы орталығының жұмысына белсенді атсалысуға шақырды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная