07 ақпан 2022 11:01

Неміс инженерлері автобандағы көпірді құлатты

Неміс инженерлері Зиген қаласының маңындағы A45 федерал автобанындағы Ринсдорф көпірін құлатып, Германияда жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Неміс инженерлері Зиген қаласының маңындағы A45 федерал автобанындағы Ринсдорф көпірін құлатып, Германияда жаңа рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия штатындағы А45 автобанындағы эстакаданы бұзу үшін 120 келіге жуық жарылғыш зат қолданған. Көпірдің биіктігі 70 метр, ал аралығы 500 метр болады. Жарылыс Германияда жаңа рекорд орнатты, бұрын мұндай биіктегі көпір бұзылмаған.

Көпірдің жарылуын көруге бірнеше ондаған адам жиналды. 55 жылдық тарихы бар ғимарат жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 11-де құлаған. Маман Майкл Шнайдер жарылу туралы белгі бергеннен кейін көпірдің 16 тірегі қисайып, құлады.

Реклама
Реклама

"Жарылыс кітап беттеріндегі суреттер сияқты көрінді", - деді Шнайдер.

Жаңа көпір 2021 жылдың желтоқсанында ашылды. Алдағы екі айда мұнда  үйінділер тазартылады, содан кейін жедел жолдың жүріс бөлігін кеңейту жобасы аясында жаңа жол өткелінің құрылысы басталады.

Германияның ең көп қоныстанған штаты Солтүстік Рейн-Вестфалияда шамамен 60 эстакада ауыстыруды немесе шұғыл жұмысты қажет етеді, оның 15-і салынып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram