ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 қыркүйек 2022 14:29
Неміс полициясы Әлішер Усмановтың мүлкін тінтіп жатыр - БАҚ
Олигарх Әлішер Усмановтың Германиядағы үйлері, вилласы тінтіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bayerischer Rundfunk басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ресей-өзбек олигархы миллиондаған еуро салық төлемеді деген күдікке ілінген.
"Ресейлік өзбек олигархы Әлішер Усмановтың Германиядағы үйлері тінтіліп жатыр. Өйткені ол 2016 жылдан бері Роттах-Эгерндегі үйінде тұрақты және ұзақ уақыт тұрған, бірақ салық төлемеген. Мюнхен прокуроры оны салық төлеуден жалтарды деп күдіктеніп тінту жүргізген", - деп жазады басылым.
2022 жылғы Forbes деректері бойынша Усмановтың байлығы 14,6 миллиард долларға бағаланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу