29 мамыр 2022 16:15

Непалда жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті

Иллюстрациялық фото.

Непалда бортында 22 адамы бар ұшақ жоғалып кетті. Бұл туралы Kathmandu Post газеті жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Непалда бортында 22 адамы бар ұшақ жоғалып кетті. Бұл туралы Kathmandu Post газеті жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Непал азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, ұшақ Покхара әуежайынан 9:55-те ұшып кеткен, ал байланыс 10:07-де жоғалды. Ұшақты іздеу үшін тікұшақ жіберілді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты операция әзірге тоқтап тұр. 

"Жергілікті тұрғындар ұшақты соңғы рет көрген ауданда елді мекендер жоқ. Ауа райы жақсарғаннан кейін тікұшақ әуе операциясын бастайды", - деді жергілікті билік өкілі Чиранжиби Рана.

Реклама
Реклама

Экипаж құрамына үш адам кіреді. Жолаушылар арасында 16 непал, төрт үнді, екі неміс бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram