Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі Қазақстанда тұрғаны анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі Қазақстанда тұрғаны анықталды

Непалда ондаған адамның өмірін қиған ұшақ апатында Қазақстанда тұрған әйел көз жұмды. Ол жүкті болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Непалда ондаған адамның өмірін қиған ұшақ апатында Қазақстанда тұрған әйел көз жұмды. Ол жүкті болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Комсомольская правда" газетінің мәліметінше, 33 жастағы Ресей азаматы Елена Бандуро тревел-блогер және SMM маманы болған.

Бандуро соңғы бірнеше ай Қазақстанда тұрып, қашықтан жұмыс істеген. Кейде жұмыс бабымен шет елдерге шыққан.

Жарнама
Жарнама

Апатқа дейін Бандуро туыстарына өзінің жүктілігі туралы айтыпты. Елена Непалға жұбайы Максимге бара жатқан. Ал ұшаққа отырмай тұрып әлеуметтік желіде соңғы суретін жариялаған.

Yeti Airlines әуекомпаниясының ATR 72 жолаушылар ұшағы жексенбі таңертең құлады. Лайнер Катмандудан Покхара қаласына ұшып бара жатқан. Алайда қонар сәтте өрт шығып, өзен маңына құлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама