ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 шілде 2016 09:44
Ниццада болған терактінің суреттері мен видеолары пайда болды
Желіде Францияда болған терактінің фотолары мен видеолары пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны басып алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген.
© Eliannuminas/Twitter
Соңғы мәліметтер бойынша, Ниццада қаза тапқандардың саны 80-ге жеткен. 100-ден аса адам жарақат алған. Айта кетейік, қаза болғандардың арасында ресейліктердің саны көп.
Сонымен қатар, Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов осы оқиғаға байланысты көңіл айтты.
© marylovefreedom/Twitter
Полициядағылар Ниццада теракт жасаған жүк көлігі жүргізушісінің кім екендігін анықтады. Ол Тунис тумасы, 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу