Нидерланд премьер-министрі наразылыққа шыққандарды жарымес деп атады

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте карантин шектеулеріне қарсы наразылыққа шыққандарды үшінші түн қатарынан бұзақылық жасап жатыр деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Премьер-министр халық карантин шараларынан шаршағанын түсінетінін және барлық адам наразылық білдіруге құқылы екенін айтты. Алайда, оның айтуынша, Нидерландыда үшінші түн болып жатқан бұзақылық деректерінің демонстрацияларға еш қатысы жоқ.

Реклама
Реклама

"Бұл наразылық ретінде жасырылған таза зорлық. Мен жарыместердің осы елдегі қауіпсіздік пен тәртіпті ойлайтын адамдарға бақытсыз деген желеумен зорлық-зомбылық көрсетуіне жол бермеймін", - деді Рютте.

Ол билік тәртіпсіздікке қатысушылардың барлығын міндетті түрде жауапқа тартатынын айтты.

Бұған дейін Голландияның Роттердам қаласында COVID-19-ға байланысты шектеу шараларына қарсы наразылықтар нәтижесінде үш адам оқ тиіп, жараланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама