19 наурыз 2020 | 10:59

Нидерландта денсаулық сақтау министрі парламент отырысында есінен танып қалды

Нидерландтың денсаулық сақтау министрі Бруно Брюинс парламент отырысында пандемия проблемасы талқыланған кезде есінен танып қалды, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нидерландтың денсаулық сақтау министрі Бруно Брюинс парламент отырысында пандемия проблемасы талқыланған кезде есінен танып қалды, - деп хабарлайды Reuters.

Дереккөз мәліметінше, министр мінберде сөз сөйлеп тұрған сәтте есінен танып қалған. Министр су ішкен соң ғана есін жиған. Оқиғаның видеосы жергілікті БАҚ-тарда жарияланды.

Реклама
Реклама

Кейінірек Бруно Брюинс Twitter желісіндегі парақшасында есінен танып қалуын соңғы апталарда жұмыстың ауыр болуымен байланыстырып, қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді.

"Қазір демалып, ертеңнен бастап коронавирус пандемиясымен күресу үшін үйге бара жатырмын", - деді министр.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, бүгінде Нидерландта COVID-19 вирусын 2 056 адам жұқтырған, 58 адам қайтыс болған және екі адам бұл вирустан айыққан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная