ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2022 | 17:56
Нидерландыда "омикрон" штамының жаңа қосалқы нұсқасы анықталды
Нидерландыда "омикрон" штамының жаңа қосалқы нұсқасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нидерландыда "омикрон" штамының жаңа қосалқы нұсқасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Нидерландының қоғамдық денсаулық және қоршаған орта институты (RIVM) хабарлады. Ведомство мәліметінше, "кентавр" деп аталатын жаңа қосалқы нұсқа Гелдерландтың шығыс провинциясынан алынған үлгіде табылған.
"SARS-КоВ-2 коронавирусының BA.2.75 нұсқасы енді Нидерландыда да расталды. Жаңа қосалқы нұсқа 2022 жылдың 26 маусымындағы үлгіде Гелдерландтың солтүстік-шығыс аймағынан табылды", - делінген хабарламада.
Институт "азғантай ерекше өзгерістерге байланысты" "кентавр" SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы қорғанысты оңай айналып өтетінін түсіндірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также