Нигерияда қайық аударылып, 76 адам қаза тапты

Фото: ©24.kz

Нигерияда қайық аударылып салдарынан 76 адам қайтыс болды. Аман қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Нигерияда қайық аударылып салдарынан 76 адам қайтыс болды. Аман қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна ақпаратына сүйенсек, оқиға Кебби шатының солтүстік-батысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ағаш қайық шамадан тыс салмақты көтере алмай аударылып кеткен. Онда екі жүзге жуық жолаушы болған.

"Достарымның батып бара жатқанын көргенде, оларға көмектесу үшін орамалымды тастадым. Көмектесуге тырыстым, бірақ өкінішке қарай олар қаза тапты. Оқиға орнында дүрбелең болды. Мен тек бір адамды құтқара алдым. Оны арқама жатқызып шығарып алдым", - деді аман қалған жолаушылардың бірі.

Реклама
Реклама

Оқиғадан кейін ел Үкіметі адамдарды тасымалдау ережелерін қатаңдату туралы шешімін жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама