Никарагуа Италиямен дипломатиялық қарым-қатынасын кенеттен үзді

Никарагуа Италиямен дипломатиялық қарым-қатынасын кенеттен үзді Фото:depositphotos.com/dimarik

Никарагуа билігі Италия сыртқы істер министрі Антонио Таянидің "негізсіз, агрессивті және жауапсыз мәлімдемелеріне" байланысты осы елмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзетінін жариялады. Бұл туралы Никарагуа Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Никарагуа билігінің пікірінше, Италия СІМ басшысы "еуропалық менмендік" танытып, ел халқы мен үкіметінің намысына тиген.

Антонио Таянидің Никарагуадан бұрынғы террорист Алессио Казимирриді экстрадициялауды талап етіп, республиканы "экстремистік ел" деп атауы қарым-қатынастың үзілуіне себеп болған.

Жарнама
Жарнама

СІМ бұған дейін Италия билігімен қарым-қатынас өзара құрмет пен түсіністікке негізделгенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда осындай масқара жағдайға тап бола отырып, біз Италия мен біздің арамыздағы, сондай-ақ басқа да бауырлас елдермен тарихи байланыстарымызға қайшы келетін мұндай агрессиялық әрекеттерге өкінеміз. Адамзат зарыға күткен жақсы күндер туады деп үміттенеміз", - делінген Никарагуа СІМ хабарламасында.

Алессио Казимирри - "Қызыл бригадалар" террористік ұйымының бұрынғы мүшесі. Ол Италияда 1978 жылы экс-премьер-министр Альдо Мороны өлтіруді қоса алғанда, бірқатар террористік актіге қатысқаны үшін алты рет өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Қазір ол Никарагуада жасырынып жүр. Рим оны тапсыру туралы Манагуаға бірнеше рет сұрау салған болатын.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама