ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2020 | 14:01
"Никол, сенің соңғы сағатың": Пашинянға ультуматум қойылды
Арменияда премьер-министр Никол Пашинянның отставкасын талап ету жалғасып жатыр. Сенбіде елде ірі митинг өтті. Сол кезде оппозиционерлер Пашиняннан 8 желтоқсанға дейін орнын босатуды талап етті, - деп хабарлайды Газета.ru.

"Біз Пашинян командасымен осы мәселені талқылап және отставкаға кетуіне сейсенбі, 8 желтоқсан сағат 12.00-ге дейін уақыт береміз", - деді "Дашнакцутюн" партиясының өкілі Ишхан Сагателян премьер Пашинянның үйінің алдында өткен митингіде.
"Никол, бұл - сенің үкімет саяжайындағы соңғы сағаттарың", - деді Сагателян.
17 оппозициялық партия 10 қарашадан бері Ереванда митинг өткізіп, Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также