Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан президентінің денсаулығы сыр берді

Қырғызстан президенті

?ыр?ызстан президенті Алмазбек Атамбаев ж?рек ауруына байланысты Нью-Йорктегі Б?? Бас ассамблеясына ?атыса алмайды. Б?л туралы 19 ?ырк?йекте мемлекет басшысыны? ресми сайтында хабарланды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жүрек ауруына байланысты Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясына қатыса алмайды. Бұл туралы 19 қыркүйекте мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланды.

"Бішкектен Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан Республикасының делегациясы Ататүрік әуежайында басқа ұшаққа отыруы қажет болатын. Алайда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сырқаттанып, медициналық тексерістен өткізілді. Дәрігерлердің тексерісінен кейін мемлекет басшысына жедел түрде медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің алдын ала қорытындысына қарағанда, Алмазбек Атамбаевтың жүрегі сыр берді. Осыған байланысты Қырғызстан президенті медициналық тексерістен өтіп, біраз уақыт дәрігердің бақылауында болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, енді Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясында 17 қыркүйекте 60 жасқа толған Атамбаевтың орнына Қырғызстан делегациясын сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев басқарады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама