Нью-Йоркте Өзбекстан тумасы үш бірдей банкті тонады

© Nnmuz.com

Нью-Йорктің Куинс округінде үш бірдей банкті тонады деген күдікпен Өзбекстан тумасы ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ФТБ мәліметінше, АҚШ азаматы Леонид Казиев 2014 жылдың желтоқсанында және 2015 жылдың маусымында HSBC банкінің бір бөлімшесін екі рет тонады. Сонымен қатар, ол Bank of America банкінің бөлімшесін де тонады. Әр тонау әрекетінде күдікті 10 мың доллардан жоғары ақша алып кеткен. Күдікті полицей камерасы арқылы анықталды. Оның көлігінің номері видеоға түсіп қалыпты. Күдікті оқиға орнына өз атына тіркелген автомобильмен келгені белгілі болды.

Өзбекстан тумасына банк тонау ісіне сәйкес үш эпизод бойынша айып тағылды. Оның әрқайсысында 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оны қарумен қорқыту бойынша да айыптап отыр, мұндай қылмысқа кемі 7 жыл беріледі немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама