Нью-Йорктің Манхэттен ауданында 54-қабатты кеңсе ғимаратының шатырына тікұшақ соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың өрт сөндіру басқармасына сілтеме жасап.
"Нью-Йорк өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері Жетінші авеню, 787 мекенжайына жетті. Тікұшақ қатты қонған", - деп хабарлады ведомство өкілдері Twitter желісінде.
CNW видеосында тікұшақтың бірер сәт басқарусыз ұшып келіп, апат жағдайында ғимарат үстіне құлағаны көрінеді.
Кейін ведомстводағылар бір адамның қаза тапқанын хабарлады.