Үндістан астанасы Нью-Делидің кейбір аудандарында ауа температурасы рекордтық 49,2 градусқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Үндістанның метеорологиялық департаменті Химачал-Прадеш, Харьяна, Уттаракханд, Пенджаб және Бихар штаттарында кейінгі бірнеше күнде температура күрт көтерілгенін хабарлады.
Көптеген ауданда, соның ішінде Нью-Делиде температура 49 градусқа жетті. Наурыздың аяғынан бастап болжанған жылу соққыларынан жиырмадан астам адам қайтыс болды, ал электр энергиясына деген сұраныс артқан.
Елдің кейбір бөліктерінің билігі халықтан сақтық шараларын сақтауды сұрап отыр, өйткені температура әлі де жоғары болады деп болжанған. Олар жылу халықтың осал топтарына, соның ішінде сәбилерге, қарттарға және созылмалы аурулары бар адамдарға зиян келтіруі мүмкін екенін ескертті.
Премьер-министр Нарендра Моди штат биліктерін төтенше аптап салдарын азайту үшін шаралар қабылдауға шақырды.
Ғалымдар қарқынды жаздың ерте басталуын климаттың өзгеруімен байланыстырып, Үндістан мен көрші Пәкістанда миллиардтан астам адамға аптаптан қауіп төнеді дейді.
Еске салайық, Үндістан 100 жылдан астам уақыт ішінде ең ыстық наурызды бастан өткерді, ал сәуірде елдің кейбір бөліктерінде бақылаудағы тарихта ең жоғары температура тіркелген. Бұл егіннің жойылуына және алты жылдағы электр қуатының үзілуіне әкелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!