Обама Ақ үйде рэп-концерт ұйымдастырды

© ABACA

Барак Обама 4 шілдеде Ақ үйде рэп-концерт ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Billboard.com басылымына сілтеме жасап. Grammy жүлдесінің иегері Кендрик Ламар АҚШ тәуелсіздігінің күніне орай Барак Обаманың жыл сайын өткізетін кешінде өнер көрсетті.

Айта кетейік, Кендрик Ламар Bitch, don't kill my vibe (bitch сөзі drink сөзіне ауыстырылды), Poetic Justice, A.D.H.D. және тағы басқа әндерді орындады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, кеште әнші Жанель Монэ (Janelle Monáe) өнер көрсетті. Барак Обаманың айтуынша, оның үлкен қызының туған күні 4 шілдеде екен.

Billboard басылымының мәліметінше, Барак Обама мен оның жұбайы жыл сайын Ақ үйге концерт пен салтанатты отшашуды көру үшін әскерилердің отбасын шақырған екен.

Осыған дейін Барак Обама 2015 жылы оның ең сүйікті әні Кендрик Ламардың How Much a Dollar Cost әні болғанын айтқан еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама