Одессада қақтығыстар басталды

Фото РИА Новости©

Одессада "Правый сектор" жауынгерлері мен Славянскідегі қандастарын қорғауға шыққан қала тұрғындары арасында қақтығыс болып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

"Украина бірлігі" шеруінде Майданның белсенділері - "Правый сектор", "Самооборона", харьковтық және  одессалық футбол жанкүйерлері мен федерализация жақтастары арасында қақтығыс орын алды. 

Шіркеу алаңының маңайында атылған оқтардың дауысы естілуде, қос тарап бір-біріне тас лақтырып жатыр. Оларды полиция қызметкерлері таратуға тырысуда. Қазіргі таңда милицияға көмекке арнайы жасақтар да келген. Дегенмен, ереуілшілер құқық қорғау қызметкерлерімен төбелесіп, тас лақтырып қорғануда.

Реклама
Реклама

Ал, украиндық "УНИАН" агенттігінің хабарлауынша, бұл қақтығыстың салдарынан қазірдің өзінде 10 адам жарақат алған. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама