06 сәуір 2020 | 09:51

"Оқтан да бетер". Коронавирус жұқтырған медбике ауруханадан видеоүндеу жасады

Видеодан алынған кадр

АҚШ-тың Теннесси штатында коронавирус жұқтырған медбике видеоүндеу жасады. Видео Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Теннесси штатында коронавирус жұқтырған медбике видеоүндеу жасады. Видео Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Шарека Уильямс (Shareka Williams) есімді медбикенің әрең сөйлеп тұрғаны көрінеді: пневмония үшін тыныс алуы қиындаған. Дем алған сайын өкпесі ауырады екен.

Реклама
Реклама

"Қозғалу немесе тамақтану маған қиынға соғады. Маған ешкім оқ атқан емес, бірақ COVID-19 оқтан да бетер көрінеді. Жаным қиналып жатыр", - дейді медбике.

Уильямс вирустың алдын алу шараларын қабылдауға кеңес береді.

"Бұл әзіл емес. Асқынып кетуін күтпеңіз. Бұл дерттің сізге, сіздің отбасыңызға, балаларыңызға жеткенін күтпеңіз", - деп өтінеді ол видеода.

Айта кетейік, медбикенің бұл видеоүндеуі 80 мыңнан аса қаралым жинап, оған 1000-нан аса пікір жазылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram