06 қараша 2019 | 16:12

Оқушы қыздарды алдап, порноға түсірген. АҚШ-та секс-дау қызып жатыр

Girls Do Porn видеосының кадры

АҚШ-та порностудияға қатысты дау-дамай басталды. Ересектерге арналған Girls Do Porn платформасы жас қыздарды алдап, секс-видеоға түсірген. Жаңа Зеландия тумасының оқушыларды масқаралап, Америка жұртшылығының жағасын ұстатқан ісі Тengrinews.kz шолуында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та порностудияға қатысты дау-дамай басталды. Ересектерге арналған Girls Do Porn платформасы жас қыздарды алдап, секс-видеоға түсірген. Жаңа Зеландия тумасының оқушыларды масқаралап, Америка жұртшылығының жағасын ұстатқан ісі Тengrinews.kz шолуында.

Модель агенттігі атымен жасырынған порностудия

Реклама
Реклама

Daily Mail мәліметі бойынша, порностудияның үстінен 22 қыз арыз түсірген. Студияның қылмыстық айласы қарапайым. Зардап шеккен мектеп оқушылары мен студенттер Begin Modeling модель агенттінің хабарландыруын көрген. "Жетекші халықаралық модель компаниясының" ресми сайтында хабарландыру әлі бар.


Begin Modeling сайты

Агенттік хабарландыру бойынша хабарласқан қыздардан дене пішімін білу үшін ашық суреттерін жіберуді сұрайды. Кейін студия өкілдері хабарласып, ұсыныс жасайды: Сан-Диегоға ұшып келуі мен қайту жолын төлейді және ересектерге арналған фильмге түсу үшін ақша береді.

Мұндай фильм үшін берілетін сома 2 мыңнан 7 мың долларға дейін болған. Бірақ "модель агенттігінің" өкілі мұндай порнофильмнің тек Аустралия мен Жаңа Зеландиядағы жеке адамдарға ғана сату үшін DVD-диск түрінде шығарылып, интернетке салынбайтынын ескертеді. Тіпті, Begin Modeling-мен жұмыс істеген қыздардың нөмірін беріп, солардан кеңес сұрауды да ұсынады. Оқушылар мен студенттердің алдану жолы осылай басталады.

Алаяқтардың қыздарға жазған хабарламасы

Келісімін берген қыздарға студия Сан-Диегоға дейін билет алып беріп, әуежайдан екі адам күтіп алады да, Hyatt, Hilton немесе Marriott Suites секілді қонақүйлерге алып барады. Бір қызығы, әуежайдан күтіп ала салысымен кей қыздарға айыппұл салынған. Қыздардың бет-әлпеті дәл суреттегідей болмаса, ұсынылған гонорардан мың доллар алып тастаған. Арызда көрсетілгендей, студиядан алданған 19 жастағы қыздың денесін 10 баллға, бет-әлпетін 7 баллға бағалаған.

Қонақүй нөміріне барар жолда оқушылар мен студент қыздарға алкоголь мен марихуана беріп, масайтып тастайды. Кейін қолдарына келісімшарт ұсынып, тезірек қол қоюын сұрайды. Қол қойылса, порно түсірілімін бастап кетеді.

Lenta.ru сайтының журналисі Антон Болотов бұл былықтың мән-жайын жазған. Оның мақаласында алданған қыздардың адвокаты Джон О’Брайеннің сөзі келтірілген. Адвокат бойжеткендерге келісімшарттың көшірмесі берілмегенін айтқан. Кей қыздар келісімшартты сот процесі кезінде ғана оқи алыпты.

Түсірілім кезінде қыздар тоқтатуды сұрап, жалғастырудан бас тартса, келісімшартты көрсетіп, үйге қайтар жолдың билетін бермейміз деп қорқытқан.

Бірақ нағыз тосынсый қыздарды үйіне жеткен соң күтіп тұрған. Олардың аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі мен әлеуметтік желідегі аккаунттары Интернетке тарап кеткен. Олардың жеке мәліметтері PornWikiLeaks сайтында жарияланған. Бұл сайт пен Girls Do Porn порталының қожайыны бір адам - Майкл Пратт.


Girls Do Porn қожайыны Майкл Пратт

Студия мектеп оқушысын да алдаған

Алаяқтардан зардап шеккен қыздардың бірі - Моника Эванс. Порностудия оны 2013 жылы алдап соққан.

Ол кезде 18 жаста болған Моника колледж ақшасын төлеу үшін қаражат іздеген. Сол кезде Begin Modeling агенттігінің хабарландыруы көзіне түскен. Сөйтіп, Марк деген адам хабарласып, ашық түскен суреттерін сұраған. Кейін Марк қайта хабарласып, Сан-Диегоға дейін жолын төлеп, ересектерге арналған фильмге түссе, 2 мың доллар беретінін айтқан.

Эванс мұндай фильмге түсуін ақшаның жетіспеуімен түсіндіреді. Сан-Диего әуежайында Эвансты оператор Мэтью Вольф пен фильмдегі әріптесі Андре Гарсия қарсы алған. Жолда олар 18 жастағы бойжеткенге алкоголь беріп, масайтып тастаған. Кейін оқушының қолына қағаз беріп, тез қол қоюын талап еткен: "Бүгін кешке ұшып кетуің керек. Оны оқитын уақытың жоқ. Мұнда, мұнда және мына жерге қолыңды қой".


Моника Эванстың оқиғасы Vice.com сайтында жарияланды

Олар бес минуттық видео түсіреміз дегенімен, түсірілім бірнеше сағатқа созылған. Кейін Вольф пен Гарсия Мониканы жылаған күйі әуежайға апарып тастаған.

Бір айдан кейін Эванстың достарының бірі оған видео жібереді - ашса, өзінің қатысуымен өткен порнофильм. "Зәрем зәр түбіне жетті. Бұл сезімді өмір бойы ұмытпаспын", - дейді Эванс.

Мониканың бұл табысы жайлы көп ұзамай отбасы да білген. Интернет қолданушылары отбасы мүшелеріне де үлкен қызының қатысуымен болған видеоны жібере бастаған. Кейін Моника ғаламтордан Маркке жіберген суреттерін, жеке мәліметтерін, туыстарының аты-жөнін байқап қалған. Эванстың пікірінше, мұндай мәліметті Желіге тек Girls Do Porn қызметкерлері сала алатын.

Алаяқтық салдары

Моника Эванс секілді зардап шеккен қыздар жетерлік. Бүгінде 22 қыз порностудияны сотқа берген. Себебі мыңдаған қолданушы олардың видеосын көріп, мазақ қылған, жан-жаққа таратқан, скриншоттарын әріптестері, достары мен туыстарына жіберген.

Қыздарды масқаралау "акциясы" онлайннан офлайнға көшкен. Белгісіз біреулер қыздарды көшеде аңдып, ақшаға төсек қатынасын ұсынған, мазақ еткен. Мысалы, зардап шеккен бір қыздың интим суреттерін әкесінің үйінің алдына жапсырып кеткен.

Көбі соның салдарынан оқудан, жұмыстан шығып кеткен. Кейбірі басқа елге көшкен. Төрт қыз өз-өзіне қол салуға ұмтылғанын айтады. Моника Эванс та өз-өзіне қол салмақ болып, он шақты күн психиатриялық клиникада емделіп шыққан. Колледжін тастап, көшеге шықпай, есірткіге әуестене бастаған. Ол алты жыл өтсе де, өзіне әлі келе алмағанын айтады.


Гарсия, Вольф және Пратт

Бұл іске кіріскен ФТБ мәліметі бойынша, Girls Do Porn қызметкерлері оқушылармен және студенттермен сөйлескенде жалған есімдер айтқан. Порностудияның өзі қол қойылған келісімшарт болғандықтан, өздерін кінәлі санамайды. Ал платформаның қожайыны Майкл Пратт өзін банкрот деп жариялап, кейін елден қашып кеткен.

10 қазанда Пратт, оператор Вольф пен видеоға түскен Гарсияға үш түрлі айып тағылған - алаяқтық, мәжбүрлеу және күш көрсету арқылы сексуалдық қанау.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная