16 мамыр 2018 | 10:11

Оқушылардың маңдайына "екілік" баға салып берген педагогтардың басы бәлеге қалды

Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Өзбекстанның Халық білім беру министрлігі Ташкент облысы Бекабада қаласындағы №5 мектептің директоры жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Бұл мектептегі мұғалім бірінші сынып оқушыларының маңдайына "екілік" баға салып бергені үшін басы дауға қалған, - деп хабарлайды Gazeta.uz интернет-басылымы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның Халық білім беру министрлігі Ташкент облысы Бекабада қаласындағы №5 мектептің директоры жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Бұл мектептегі мұғалім бірінші сынып оқушыларының маңдайына "екілік" баға салып бергені үшін басы дауға қалған, - деп хабарлайды Gazeta.uz интернет-басылымы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұның алдында жергілікті басылымдар Бекабада қаласы мен Ташкент облыстық халықтық білім беру басқармаларының ерекше оқу үлгерімін бағалауда "ерекше әдіс" қолданған мұғалімге қатысты тексеріс басталғанын хабарлаған еді. Қақ маңдайына "екілік" баға сызылған балалардың суреті әлеуметтік желілерде таралған. 

Реклама
Реклама


Прокуратура өз кезегінде мұғалімнің бұл қылығын "психологиялық азаптау әдісін қолдану" деп бағалады. 

Сонымен қатар, осы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және рухани ағарту ісі жөніндегі орынбасары қызметтік міндетін атқаруды салғырттық танытқаны үшін қызметінен қош айтысыпты. Бірінші сыныптарға сабақ беретін тағы екі мұғалім жұмысынан айырылған. Ал қалалық халық білім беру бөлімінің жетекшісіне сөгіс жарияланған. 

Ташкент облыстық халық білім беру басқармасының басшысы мұғалімнің әрекетінен зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесіп, олардан кешірім сұраған. 

Ендігі кезекте педагогтардың әрекетіне құқық қорғау органдары құқықтық баға береді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная