Олимпиада-2018: Спортшы ішімдік ішіп, көлік ұрлаған

Дейв Дункан © Рамиль Ситдиков / РИА Новости

Пхенчхан ?аласында канадалы? спортшы Дейв Дункан мен делегацияны? та?ы бір м?шесі к?лік ?рлады деген к?дік бар, деп хабарлады Lenta.ru порталы CBC журналисі Сьюзен Ормистонны? Twitter желісіндегі пара?шасына сілтеме жасап.

Пхенчхан қаласында канадалық спортшы Дейв Дункан мен делегацияның тағы бір мүшесі көлік ұрлады деген күдік бар, деп хабарлады Lenta.ru порталы CBC журналисі Сьюзен Ормистонның Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Корея полициясының нұсқасы бойынша, фристайлшы мен делегат тұрақта тұрған көлікті мас күйде айдап кеткен, олар осылайша Олимпиада қалашығына жетіп алмақшы болыпты. Алайда, оқиғаға қатысты тағы бір нұсқа бар, онда спортшы Дункан мен оның әйелі көлікте жолаушы ретінде отырған.

Канадалық CBC телеарнасының хабарлауынша, бұл ақпаратты Канаданың Олимпиада комитетінің басшысы Кристофер Оверхолт растады. 

Реклама
Реклама

"Біз бұған қатты қараймыз, спортшы тергеумен қызметтес болды. Біз билікпен және канадалық елшілікпен байланыста отырмыз", - деді ол, нақтырақ түсіндірместен.

Айта кетейік, 35 жастағы спортшы ерлер арасында өткен ски-кросс финалында ең соңғы болып келді. Ойынның бұл түрінде оның отандасы Брэйди Леман олимпиада чемпионы атанды, күміс швейцариялық спортшы Марк Бишофбергерге бұйырды. Ал қоланы ресейлік Сергей Ридзик иеленді.

Олимпиада ертең, 25 ақпанда аяқталады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама