Олимпиаданың ашылу салтанатында Медведев ұйықтап отырды

Фото "Спорт-1" телеканалынан алынды

"Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ұйықтап отырған. Құрметті қонақтарға арналған орында Татьяна Тарасовмен қатар отырған Ресей премерінің сол сәті "Спорт-1" телеарнасы операторының бейнекамерасына түсіп қалған" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.Алайда, Медведевті ұйықтап қалған деп бір жақты айта салуға болмайды. Өйткені камера Ресей премерін бір сәтке ғана түсіріп өткен.
Реклама
Реклама
Көрсетілім барысында Ресей премьер-министрінің өзге телеарналардың кадрлеріне бірнеше мәрте түскені байқалады. Бір кадрде Медведевтің белсенді қол соғып отырғаны көрінеді. Блогерлердің пайымдауынша, шара барысында Дмитри Анатольевичтің жүзі солғын көрінген. Десе де, шетелдік ақпарат құралдары ашылу салтанатының жоғарғы деңгейде өткенін жарыса жазуда. Ұйымдстырушылардың ойластыруы бойынша, бір сәтте стадион үстінде пайда болған қардың бес ұлпасы ашылып, олимпиада символы - бес сақинаға айналуы тиіс болатын. Бірақ бір ұлпа ашылмай қалды. Ресейлік көрермендер бұл жағдайды байқамағанымен, шетелдік телеарналар бұл сәтсіздікті қалт жібермеген. Сондай-ақ, Ресей президенті Владимир Путиннің қасында тұрған қыз кім екендігі жайлы әңгіме де көп болды. Ол қыздың бобслейші Ирина Скворцова екені кейін белгілі болды. Ирина 2009 жылы Германияда өткен жарыста ауыр жарақат алып, үлкен спортпен қош айтысуға мәжбүр болған. Шетелдік журналистердің назарын аударған тағы бір оқиға, өткен жылы қыркүйекте Барак Обама мен әйелінің банан аясында түскен атышулы фотоколлажын Instagramда жариялаған Ирина Роднинаның Олимпиада алауын жағуы болды. Көпшілік ол суретке "нәсілшілдік" деп баға берген болатын.Қоса кетер жайт, Сочи Олимпиадасының салтанатты ашылуын әлем бойынша үш миллиардтан аса көрермен тамашалаған.
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама