Омикрон COVID-19 пандемиясын жеңуге көмектесуі мүмкін - ДДСҰ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Омикрон COVID-19 пандемиясын жеңуге көмектесуі мүмкін - ДДСҰ © Reuters

Коронавирустың жаңа омикрон штамы "тірі вакцина" болып, пандемияны жеңуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU-ға сілтеме жасап.

"Иә, мүмкін. Біз солай болады деп үміттенеміз", - деді Вуйнович "Россия-24" телеарнасының эфирінде.

Алайда оның айтуынша, қазір омикронмен ауыратын науқастар саны жеткіліксіз болғандықтан, бұндай қорытынды жасауға әлі ерте. Қорытынды шығару үшін кем дегенде бір апта күту керек.

Жарнама
Жарнама

Ол сонымен қатар COVID ешқашан тұмау сияқты жойылмайтынын, бірақ жұқтыру жағдайлары әлдеқайда аз болатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама