ПОДЕЛИТЬСЯ
24 желтоқсан 2021 | 17:54
Омикрон-штамм әлемнің 110 елінде анықталды
Омикрон штамы әлемнің 110 елінде анықталды. Бұл туралы ДДСҰ жұмада таратқан COVID-19-дың жаңа нұсқасы туралы жаңарған мәліметте көрсетілген. Ол "дельтаға" қарағанда тез таралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"22 желтоқсандағы жағдай бойынша, ДДСҰ-ның барлық алты аймағындағы 110 елде омикрон анықталды", - делінген хабарламада.
Деректер омикрон "дельта" штамына қарағанда әлдеқайда жылдам таралатынын және салдары жеңіл болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен, вакциналар немесе бұрын вирус жұқтырып жазылғаны қаншалықты ауруға ықпал ететіні әлі белгісіз.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, Қазақстанда омикрон штамы табылған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также