1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Омикронға қатысты алаңдаушылық бәсеңдегені әлемдік қор нарығына қалай әсер етті?

Омикрон штамына қатысты алаңдаушылық бәсеңдеп, инфляциялық қысым артуы аясында әлемдік қор нарығы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Фото ©REUTERS

Омикрон штамына қатысты алаңдаушылық бәсеңдеп, инфляциялық қысым артуы аясында әлемдік қор нарығы өсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Америка Құрама Штаттарында S&P 500 0,6 пайызға өсіп, үшінші күн қатарынан жаңа рекорд көрсеткішпен жабылды. Барлық 11 негізгі салалық S&P 500 индекстері өнеркәсіптік және қаржылық компанияларда өсті. Денсаулық сақтау саласының индексі бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті.

Германияның DAX индексі де үшінші күн қатарынан көтеріліп, 1,04 пайызға өсті. Францияның CAC 40 индексі - 0,8 пайызға, Лондондағы FTSE 100 0,4 пайызға өсті.

Нью-Йорк қор биржасында Dow Jones индексі 204,96 тармаққа (0,57 пайыз) 35 958,85-ке дейін, S&P 500 33,68 тармаққа (0,72 пайыз) 4 730,24-ке дейін, ал Nasdaq Composite 127,60 тармаққа (0,82 пайыз) 15 649,49-ға дейін өсті.

Reuters агенттігі мәліметінше, Ұлыбританиядағы алдын ала зерттеу өсімге ықпал еткен: омикрон штамын жұқтырғанда "дельтаға" қарағанда ауруханаға жатқызу ықтималдығы аз екені.

"Жаһандық акциялар омикрон жұқтырғанда "дельтаға" қарағанда ауруханаға жатқызу ықтималдығы аз болуына байланысты өсті", - деді Interactive Investor сарапшысы Виктория Шолар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!