Оңтүстік Корея президенті өкілеттігін премьер-министрге тапсырды

© REUTERS

О?т?стік Кореяны? импичмент жариялан?ан президенті Пак Кын Хе ?кілеттігін за?нама?а с?йкес премьер-министр Хван Гё Ану?а тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті а?парат ??ралдарына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның импичмент жарияланған президенті Пак Кын Хе өкілеттігін заңнамаға сәйкес премьер-министр Хван Гё Ануға тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, парламенттің оған импичмент жариялауынан кейін Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе мемлекет басшысы қызметін тоқтатқан. "Осы сәттен бастап Пак Кын Хе мемлекет басшысы мен әкімшіліктегі қызметтерді атқара алмайды", - дейді жергілікті БАҚ өкілдері.

Сондай-ақ, импичмент жайлы шешімді Оңтүстік Кореяның Конституциялық сотының қарастырылатыны және оған 180 күн кетуі мүмкін екені айтылады. Сот импичментті алып тастап, Пак Кын Хенің қызметін қайта қалпына келтіре алады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін, 9 желтоқсанда Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланған болатын. Ұлттық жиынның 234 депутаты қолдап дауыс беріп, 56-сы қарсы болған. Ал екі депутат дауыс беруден бас тартқан. Жеті түбіртек жарамсыз деп танылды. Айта кетейік, отырыстан тікелей таратылымды оңтүстіккореялық телеарна жүргізді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама