Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі қамауға алынды

Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі қамауға алынды

О?т?стік Кореяны? м?дениет министрі ?амау?а алынып, жем?орлы? дауына байланысты отставка?а кетуге ?тініш берді , - деп хабарлайды РИА Новости. Чо Юн Сун тергеушілерді? арнайы комиссиясы ?ткізген с?раудан кейін ?амау?а алын?ан.

Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі қамауға алынып, жемқорлық дауына байланысты отставкаға кетуге өтініш берді , - деп хабарлайды РИА Новости. Чо Юн Сун тергеушілердің арнайы комиссиясы өткізген сұраудан кейін қамауға алынған.

Чо Юн Сункеге президент Пак Кын Хенің билігіне қарсы өнер қайраткерлерінің "қара тізімін" жасады деген күдік келген. 

Сонымен қатар, сот президент әкімшілігінің бұрынғы басшысын қамауға алу туралы шешім шығарды. Айта кетейік, Чо Юн Сун - қызметтік міндеттерін атқарып жатқан кезде ұсталған алғашқы министр.

Реклама
Реклама

Өткен жылдың күзінен бастап Оңтүстік Кореяда Цой Сун Сильдің - президенттің құрбысына қатысты жемқорлық дауы туындаған еді. Құқық қорғау органдарындағылар оны ешқандай мемлекеттік қызметте болмауына қарамастан, президенттің саяси шешімдерді қабылдауына әсер етті деген күдік келтірген.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 9 желтоқсанында Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланған болатын. Қазір мемлекет басшысы қызметін премьер-министр Хван Ге Ан атқарып жатыр. Қазіргі уақытта конституциялық сот президентке жарияланған импичменттің құзыреттілігіне қатысты мәселелерді шешіп жатыр. Егер де осы шешім қабылданатын болса, елде екі ай аралығында сайлау өтеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама