07 қараша 2022 | 11:48

Оңтүстік Корея президенті Хэллоуиндегі оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұрады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:twitter.com/MySamudera

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл Сеулдегі Хэллоуин мерекесінде болған оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұрап, кінәлі барлық шенеуніктерді жауапқа тартуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл Сеулдегі Хэллоуин мерекесінде болған оқиғаға байланысты халықтан кешірім сұрап, кінәлі барлық шенеуніктерді жауапқа тартуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ол сонымен қатар полиция мен ұлттық қауіпсіздікті басқару жүйесін реформалайтынын айтқан. Саясаткер қауіпсіздікті тексеру отырысында кешірім сұрады, өйткені ел қаза болғандарды жоқтауды тоқтатпаған. Қазір бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдардың әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

"Мен өзімді ұлдары мен қыздарынан айырылған ата-анамен салыстыра алмаймын. Бірақ адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға міндетті президент ретінде жүрегім ауырады. Бұл қайғының қандай қиын екенін айтып жеткізу мүмкін емес. Құрбандардың отбасыларынан кешірім сұраймын", - деді ол.

Реклама
Реклама

Саясаткер жан-жақты тергеу жүргізіп, заңбұзушылыққа жол бергендерді жауапқа тартуға уәде берді.

"Атап айтқанда, адамдардың қауіпсіздігін сақтау үшін қауіп-қатерге дайындалу және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қажет полиция жұмысын ауқымды реформалау қажет", - деді Юн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная