16 наурыз 2023 | 14:21

Оңтүстік Корея президенті КХДР әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:kcna.kp

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырғаннан кейін, мұның Пхеньян үшін салдары болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырғаннан кейін, мұның Пхеньян үшін салдары болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Юн Сок Ель Солтүстік Корея арандатушылықтар үшін жауап беретінін ескертті", - деп хабарлады "Ренхап" агенттігі.

Сондай-ақ, ол әскерилерге Солтүстік Кореямен қақтығысқа дайын болу үшін АҚШ-тың Freedom Shield ұйымымен бірлескен жаттығуларды мұқият өткізуді бұйырған. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы кезінде айтқаны атап өтілді.

Реклама
Реклама

Айта кететін жайт, Солтүстік Кореяның соңғы рет зымыран ұшыруы Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ельдің Жапонияға премьер-министр Фумио Кисидамен өтетін саммитке ұшуына бірнеше сағат қалғанда болған.

Соңғы 10 жылдағы алғашқы саммит екі елдің тарихи, саяси және экономикалық дауларын еңсеру және Солтүстік Корея қаупі мен басқа да сын-қатерлерге қарсы ынтымақтастықты жақсарту әрекетінің бір бөлігі болып табылады. Оңтүстік Корея да, Жапония да қорғаныс шығындарын және бірлескен әскери жаттығуларды арттырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная