Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталды

© Reuters

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 1595-ке жетті. Бір тәулікте елде 334 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ауруды бақылау мен алдын алу орталықтарының ұйымы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ұйымның мәліметінше, бір тәулікте вирус жұқтырған адамдардың 307-сі Тэгу қаласынан анықталған, қалғандары елдің түрлі аймағында. Бүгінде елде 12 адам қайтыс болған, 24-і емделген. Тағы 21097 адамның сараптамасы қазір тексеріліп жатыр. 

Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандардың 80 пайызы, яғни 1338 адам Тэгу қаласы мен оған көршілес Кёнсан-Пукто провинциясында тұрады. Сеулде 55 адам вирус жұқтырған. 

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Тэгу мен Кёнсан-Пукто эпидемиялық бақылаудағы аудандар деп жарияланған.  Оңтүстіккореялық әуекомпаниялар Тэгуге қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатты. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама