06 қыркүйек 2022 12:44

Оңтүстік Кореяда күшті тайфун болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Оңтүстік Кореяда "Хиннамнор" супер тайфуны болып, мыңдаған адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда "Хиннамнор" супер тайфуны болып, мыңдаған адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Корея метеорологиялық басқармасы (KMA) Оңтүстік Кёнсан провинциясының оңтүстік-шығысындағы Геодже қаласына таңғы сағат 4:50-де тайфун соққанын хабарлады. Қала бірнеше аралда орналасқан. Олардың ең үлкені - Геоджедо аралы.

Реклама
Реклама

Тайфун қазіргі уақытта қауіпті табиғи апат саналады. Оның атмосфералық қысымы 945 гектопаскаль, желдің максималды жылдамдығы секундына 45 шақырым.

Жергілікті басылымдарда толассыз жауған жаңбыр мен жел оңтүстік облыстарда ағаштар мен жолдарды қиратқаны айтылды. Сондай-ақ, 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram