27 мамыр 2020 09:42

Оңтүстік Кореяда түнгі клубтар ашылғаннан кейін COVID-19 қайта өршіп жатыр

© REUTERS

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны қайта көбейіп жатыр. Мұнда сәуірден бері науқас тіркелмеген болатын, ал соңғы тәулікте бірден 40 жағдай тіркелген, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны қайта көбейіп жатыр. Мұнда сәуірден бері науқас тіркелмеген болатын, ал соңғы тәулікте бірден 40 жағдай тіркелген, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Оңтүстік Кореяда сәуірден бері коронавирус жұқтырғандардың саны күніне шамамен 40 адамнан 10-20 адамға дейін азайған. Тіпті 2 адам ғана жұқтырған жағдайлар болған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, 40 жаңа жағдайдың 37-сінің Итхэвон ауданында түнгі клубтар мен барлардың ашылуынан кейін тіркелгені айтылады. Үш науқас шетелден келген.

Осылайша, Сеулдегі Итхэвон ауданында ашылған түнгі клубтардың салдарынан науқастардың саны 257-ге жеткен. 

Соңғы мәліметтер бойынша, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 5,5 миллионнан асты, 2,28 миллион адам айығып, 350 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Ал Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 науқас қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram