Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауда оппозиционер Юн Сок Ёл жеңіске жетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауда оппозиционер Юн Сок Ёл жеңіске жетті Фото: ©REUTERS

"Азаматтық күш" консервативті оппозициялық партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетіп Оңтүстік Корея президенті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА-Новостиға сілтеме жасап.

"Азаматтық күш" консервативті оппозициялық партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетіп Оңтүстік Корея президенті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА-Новостиға сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлау 9 наурызда өтті, дауыс берген сайлаушылар саны 77,1 пайызды құрады, 44 миллионнан астам сайлаушыдан 34 миллионнан астам адам дауыс берді.

Юн Сок Ёл 48,56 пайыз дауыс жинады, ал оның негізгі қарсыласы биліктегі "Тобуро" демократия партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён 47,83 пайыз дауыс жинап, жеңіске жете алмай қалды. Президенттік жарыста үшінші болған Сим Сан Чжон сайлаушылардың 2,37 пайыз дауысын жинаған.

Жарнама
Жарнама

©REUTERS

 "Бүгінгі сайлау қорытындысы менің емес, бұл - халықтың, Ан Чхоль Су бастаған "Халық күші" партиясының жеңісі. Біз бәріміз халқымызға қызмет ету үшін бірігіп әрекет етуіміз қажет", - деді Юн Сок Ёл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама