24 маусым 2024 | 17:50

Оңтүстік Кореядағы зауытта 20 шетелдік қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Yonhap

Сеулдің оңтүстігіндегі Хвасон қаласындағы литий аккумулятор зауытында болған өрттен 22 адам, оның ішінде 20 шетелдік азамат қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сеулдің оңтүстігіндегі Хвасон қаласындағы литий аккумулятор зауытында болған өрттен 22 адам, оның ішінде 20 шетелдік азамат қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Yonhap агенттігі мәліметінше, бір адам із-түзсіз жоғалғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Сағат 18:30-дағы жағдай бойынша 22 жұмысшы қаза тапқан, екеуі ауыр жарақат алды, тағы алтауы жеңіл жарақаттанған.

Реклама
Реклама

Қаза тапқан 20 шетелдіктің ішінде 18 Қытай азаматы, бір Лаос азаматы және тағы бір адамның азаматығы белгісіз.

"Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін Оңтүстік Кореядағы тиісті елдердің дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отыр", - деді министрлік өкілі.

Өрт Сеулден оңтүстікке қарай 45 шақырым жерде, сағат 10:30 шамасында Хвасондағы литий батареяларын шығаратын Aricell компаниясының зауытында шыққан. Өртсөндірушілер негізгі өрт сағат 15:10 шамасында бақылауға алынғаннан кейін жоғалған адамды іздеу үшін ғимараттың ішіне кірген.

Қаза болғандардың барлығы №3 зауыт ғимаратының екінші қабатынан табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная