26 қазан 2021 | 12:51

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ро Дэ У. Фото ©РИА Новости

1990 жылы КСРО-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ро Дэ У 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы "Ренхап" агенттігі жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1990 жылы КСРО-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ро Дэ У 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы "Ренхап" агенттігі жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ро Дэ У - 1988 жылдан 1993 жылға дейін елді басқарған әскери генерал. Ол Кеңес Одағы және КХДР-мен тығыз байланыс орнатып, басқа да социалистік елдерді тануға ұмтылған. Ро Де У 1990 жылы Сан-Францискода Кеңес Одағының президенті Михаил Горбачевпен кездесіп, екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан.

Ро Дэ У 1951 жылы 17 тамызда Тэгу қаласында дүниеге келген, әскери білім алғаннан кейін армияда басшылық қызметтер атқарған. Чон Ду Хванның мұрагері болғаннан кейін Ро Дэ У премьер-министрлер деңгейінде диалог орнатқан, ал 1992 жылдың басында КХДР-мен шабуыл жасамау, татуласу, алмасу және ынтымақтастық туралы келісім күшіне енген.

Реклама
Реклама

Президенттіктен кеткеннен кейін Ро Дэ У Сеулде тұрды және 1995 жылы қарашада тұтқындалып, пара алғаны үшін түрмеге қамалған. Екі жылдан кейін елдің жоғарғы соты оны 17 жылға бас бостандығынан айырды, бірақ көп ұзамай рақымшылық жасалып, бостандыққа шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная