ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2021 | 10:49
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 90 жасында қайтыс болды
Оңтүстік Кореяның экс-президенті Чон Ду Хван 90 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оңтүстік Кореяның экс-президенті Чон Ду Хван 90 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, саясаткер ремиссия кезеңінде миеломадан, қанның қатерлі ісігінен зардап шеккен. Ол Сеулдің батысындағы үйінде жергілікті уақыт бойынша 08:40 шамасында қайтыс болды (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 05:40).
Бұрынғы генерал 1979 жылы төңкерістен кейін билікке келді, елді 1987 жылға дейін басқарды. Кейін ол 1980 жылы Кванжу қаласында демократиялық демонстранттарды жаппай өлтіргені үшін сотталып, өлім жазасына кесілді. Алайда кейінірек ол ұлттық татуласудың белгісі ретінде кешірілді.
©REUTERS
Жапон билігі кезінде Хапчонның оңтүстік-шығыс уезіндегі Юл Гок-мен фермерлік қалашығында дүниеге келген ол орта мектепті бітіргеннен кейін бірден әскери қызметке кірді. Ол қызметте тез көтеріліп, 1979 жылы әскер қолбасшысы ретінде өзінің тәлімгері, президент Пак Чон Хидің өліміне қатысты тергеуді бастады. Сол жылдың аяғында ол барлау қызметтерін бақылауға алып, төңкеріс ұйымдастырды.
"Пак Чон Хи президент болған кезінде ең ықпалды ұйымдар болғанына қарамастан, (Чон) оларды қаншалықты оңай басқарғанына және жағдайды қалай шебер қолданғанына таңғалдым. Ол тез өскен сияқты", - деді Чонның қол астындағылардың бірі Пак Чжун Кван.
Чон ел басқарған кезде Оңтүстік Корея экономикалық әл-ауқаты жағынан көтерілгені, тіпті 1988 жылы Сеулде Олимпиада ойындарын өткізгені атап өтілді. Ол 1987 жылы студенттер басқаратын демократиялық қозғалыстың қатты қысымынан кейін демократиялық әділдік партиясының басшысы қызметінен кетті. Желтоқсандағы сайлаудан кейін, алғашқы жиырма жыл ішінде, 1988 жылы ақпанда президенттік орнын тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также