ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2020 | 10:46
Оңтүстік Кореяның экс-президенті жемқорлық үшін 17 жылға сотталды
Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты елдің бұрынғы президенті Ли Мен Бакты ақша жымқыру және парақорлық үшін 17 жылға бас бостандығынан айырған төменгі соттың шешімін растады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты елдің бұрынғы президенті Ли Мен Бакты ақша жымқыру және парақорлық үшін 17 жылға бас бостандығынан айырған төменгі соттың шешімін растады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, Корея Президенті Ли Мен Бак 2008-2013 жылдары парақорлық, мемлекеттік қаражатты және DAS автомобиль бөлшектерін шығаратын жеке компанияның қорларын ысырап етті деп айыпталды. Бұл компанияның директорлар кеңесінің төрағасы оның ағасы Ли Сан Ын болған екен.
Осылайша, Сеул орталық округінің соты 2018 жылдың 5 қазанында экс-президент өз билігін фирма мен өз мүддесіне пайдаланды деген қорытындыға келді. Нәтижесінде ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Бірақ қорғаушы тарап апелляция берген соң 2019 жылдың наурыз айында 78 жастағы Ли денсаулығына байланысты кепілмен босатылды. Алайда іс қаралған сайын жаңа деректер пайда болған. Нәтижесінде 2020 жылдың қаңтар айының басында прокуратура соттан экс-президентті қамауға алу мерзімін 23 жылға дейін ұзартуды және айыппұл мен тәркіленетін мүліктің мөлшерін арттыруды сұраған.
Содан ақпан айында апелляциялық сот DAS компаниясының қаражатын жымқыру, ірі электроника компаниясынан, ірі қаржы холдингінің төрағасынан, мемлекеттік барлау қызметінің басшысынан, бұрынғы депутаттан және басқалардан пара алу фактісін анықтады. Сондықтан оның қамаудағы мерзімі 17 жылға дейін ұзартылды", - деп жазады басылым.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также