"Оның жеңісіне көбі сенбейді". Светлана Тихановская жаңа видеоүндеу жасады

Фото: dw.com

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская жаңа видео үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Беларусь президенттігіне үміткер Светлана Тихановская жаңа видео үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол өзіне дауыс берген Беларусь халқына алғысын білдірді.

"Комиссия мүшелері халықтың даусын әділ санаған сайлау учаскелерінде мен 60-тан 70 пайызға дейін дауыс жинадым. Беларусь халқы қазіргі билікпен бірге өмір сүргісі келмейді. Оның (Лукашенко - ескерту) жеңісіне көбі сенбейді. Біз өз таңдауымызды заң аясында ғана қорғауымыз керек. Ал адамдардың бейбіт түрде көшеге шығуын билік қанды қақтығысқа айналдырды", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Президенттікке үміткер Светлана Тихановская Беларусьтен кетіп қалды

Светлана Тихановская билікті халықпен диалог орнатуға шақырды.

"15-16 тамызда барлық қаланың мэрін бейбіт жиындарды ұйымдастырушы ретінде шақырамын", - деді Беларусь президенттігіне үміткер.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама