ПОДЕЛИТЬСЯ
16 шілде 2021 | 14:59
Өзбекстан, АҚШ, Пәкістан және Ауғанстан жаңа кеңес алаңын құрды
Өзбекстан, АҚШ, Пәкістан және Ауғанстан жаңа кеңес алаңын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзбекстан, АҚШ, Пәкістан және Ауғанстан жаңа кеңес алаңын құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Өзбекстан СІМ мәліметі бойынша, мұндай шешімді Ташкентте өткен "Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Қиындықтар мен мүмкіндіктер" халықаралық конференциясында АҚШ, Ауғанстан, Пәкістан және Өзбекстан өкілдері қабылдаған.
"Тараптар Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық өте маңызды деп санайды және бейбітшілік пен аймақтық байланыстар бір-бірін күшейтеді деген бірауыздан пікір айтады", - деді Өзбекстан СІМ өкілі.
Жақын арада тараптар ынтымақтастық шарттарын талқылау үшін кездесу өткізеді.
Айта кетейік, 2020 жылдың сәуірінде АҚШ президенті әскерлерді шығару процесі 11 қыркүйекке - Аль-Каиданың АҚШ-қа шабуылының 20 жылдығына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Осыдан кейін Ауғанстанда үкіметтік күштер мен "Талибан" ұйымының содырлары арасында қақтығыс күшейе түсті. Тәліптер басып алынған аумақтарында бұйрық жүргізе бастады.
Бұған дейін әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Жұмабек Сарабеков Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) үшін Ауғанстандағы қазіргі шиеленісу маңызды сынақ болатынын айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также