Өзбекстан билігі жағдайды бақылауға ала алатынын дәлелдеді - Қарин

Ислам К?рімовті? ауырып ?ал?анына ?арамастан, ?збекстан билігі жа?дайды ?з де?гейінде ба?ылай алатынын к?рсетіп отыр. М?ндай пікірді саясаттанушы Ерлан ?арин ?зіні? Facebook желісіндегі пара?шасында жазды. 

Ислам Кәрімовтің ауырып қалғанына қарамастан, Өзбекстан билігі жағдайды өз деңгейінде бақылай алатынын көрсетіп отыр. Мұндай пікірді саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

"Кез келген елде билік ауысқан жағдайда елге белгілі бір қауіп-қатер төнеді, әсіресе, елдегі саяси институттар әлсіз болса, қауіп төнуі ықтимал. Бірақ Өзбекстан саясатының ең басты әрі мықты артықшылығы оларда дәстүрлі мәдениет пен тәртіп нормалары сақталған. Бұл бәтуаластыққа келуде үлкен роль атқарады", - деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, Өзбекстандағы мемлекеттік әкімшілік өте мықты.

Реклама
Реклама

"Өзбекстан басшысының жағдайы осымен бір апта бойы талқыланып жатыр. Бұл Өзбекстан билігінің жағдайды бақылауға ала алатынын дәлелдейді. Мұндай жағдайларда мемлекеттік органдар мен саяси орталықтар түрлі пікірлер білдіріп, адамдарды шатастырып жатады. Бірақ Өзбекстан президентінің әкімшілігі, үкіметі мен сыртқы істер министрлігіндегілер бір апта бойы бір сарында болды. Бұл оларда тәртіптің бар екенін көрсетеді", - деп жазады саясаттанушы.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын. 

Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді. Ал кейінірек Ақорда Назарбаев Өзбекстанға барады деген мәліметке қатысты пікір білдірген болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама