ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2021 | 15:57
Өзбекстан президенті өзіне жала жапқандарға қарсы жаза енгізді
Өзбекстанда президент тарапына қорлау немесе жала жабу дерегіне қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nuz.uz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өзбекстанда президент тарапына қорлау немесе жала жабу дерегіне қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nuz.uz басылымына сілтеме жасап.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қылмыстық кодекске қосымша құжатқа қол қойды.
"Онда Өзбекстан президентін телекоммуникация желісі немесе интернет арқылы көпшілік алдында қорлап немесе жала жапқандарға 3 жылға дейін түзеу жұмыстарына немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Бұрын баспасөзді немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, президентті көпшілік алдында қорлағаны немесе жала жапқаны үшін жауапкершілік көзделген болатын", - деп жазды портал.
Өз кезегінде Sputnik Өзбекстан БАҚ пен интернет арқылы бұқаралық тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін де қылмыстық жаза қарастырылғанын хабарлайды. Ол 10 жылға дейін колонияға қамау жазасын көздейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также