Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханаға түсті

ru.sputniknews-uz.com

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханада жатыр. Бұл туралы Өзбекстан Үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды Русская служба Би-би-си.

"Мамандардың айтуынша, толық медициналық тексеріс пен ем алу үшін біраз уақыт керек", - делінген министрлер кабинетінің хабарламасында.

Алайда ресми дереккөздер Өзбекстан президентіне неліктен медициналық көмектің қажет болғаны жайлы нақтыламады.

Реклама
Реклама

Русская служба Би-би-си басылымының мәліметінше, Өзбекстанда әдетте Ислам Кәрімовтің денсаулығы жайлы ешқандай мәлімет таратылмайтын. Осы уақытқа дейін Өзбекстан президентінің денсаулығы жайлы тек шетелдік ақпарат құралдары мәлімдеген еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама